Темір арматураларды ұрлаған 21 жастағы жігіт ұсталды

23

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, өзіне тиесілі егістік жерін қора ретінде қоршап қойған 25 дана темір арматураны белгісіз біреу ұрлап кеткен.

Істі ашуға жылдам кіріскен тәртіп сақшылары оқиға орнына барып, қажетті жедел-тексеру шараларын жасады. Көрген-білгендерден сұрастырды. Тыңғылықты тексеру нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын 21 жастағы жас жігіт болып шықты.
Белгілі болғандай, жас жігіт мал бағып жүріп егістік алқабындағы темір арматураларға көзі түскен. Содан өзінің арам ойын жүзеге асырып, түнгі уақытта арматураларды жымқырып, темір қабылдау орнына өткізіп жіберген. Тәртіп сақшылары қолды болған арматураны тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.