Келес ауданы білім бөлімінің бухгалтерлері сеніп тапсырылған мүлікті заңды иемденді деген күдікті ілінді. Бұл фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлері анықтады.
Агенттіктің мәліметінше, олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген. Мектеп қызметкерлерінің карта шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылған. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
(Фото: ашық дереккөз)