Түркістанда Қазақ-Корей бірлескен оқу орны ашылады

23

Түркістанда Қазақ-Корей бірлескен білім ордасы ашылады. Жаңа оқу орны IT мамандығы бойынша студенттерді дайындайды. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік делегациямен кездесу барысында мәлімдеді.

Бүгінде үлкен сұранысқа ие IT мамандары енді Түркістанда да дайындалатын болады. Ол үшін облыста Қазақ-Корей бірлескен білім ордасы ашылмақ. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды осы мақсатта шетелдік делегациямен кездесіп, келіссөздер жүргізді.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Оңтүстік Корея техника жағынан дамыған мемлекет. Сол елдің қалай дамып, қандай бағытқа кетіп жатқанын ескере отырып, бізде осы Оңтүстік Кореядағы университетті бізде де ашсақ деген ниетіміз бар»

Отырыста Woosong университетінің өкілі оқу орнының саясаты мен мақсатын түсіндірді. Сондай ақ, ынтымақтастық барысында Түркістан өңірінің ауыл шаруашылығындағы ақпараттық жүйелер саласын жетілдіруге күш салынатынын да айта кетті.

Ли Ю Тек, Woosong университеті халықаралық мектебінің атқарушы деканы: «Экскурсияда бізге Қазақстан 4 дүниенің отаны деп айтылды. Ол қызғалдақ, алма, жылқы және металлургия. Яғни, теміршіліктің отаны екені айтылды. Қазақ және Корей IT саласындағы ынтымақтастығымыз  осы тарихы терең Түркістан қаласынан басталса деген ниет»

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде екі халықаралық универитет бар. Онда 12 мыңға жуық студент білім алып жатыр.