Түркістанда жанармай құю бекетінде өрт шықты

0

Түркістан қаласы Б.Майлин көшесінде орналасқан жанармай құю бекетінде өрт шықты. Оқиға таңғы сағат бес жарым шамасында болған.

№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің диспетчеріне сағат 5.39-да жанармай жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минутта жетіп, сымдардың қысқа тұйықталу салдарынан бекеттің касса бөлмесіндегі электр автоматтың жанып жатқанын анықтаған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, сағат 5.58-де қызыл жалынның беті бері қайтарылып, сағат 6.04-те толықтай сөндірілген.