Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату міндеттемесі күшіне енді. 1 қаңтардан бастап газ құрылғысы бар көліктер «GAS» деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш белгісімен таңбалануы қажет.
Жапсырма газ баллоны бар көлікті оңай анықтауға болатындай етіп қойылуы тиіс. Осы ретте Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бағлан Ақтаев, Түркістан қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары: “Автокөлікте газ құрылғысы болып, артқы әйнегінде жапсырма жабыстырылмаған жағдайда 620 баппен әкімшілік хаттама толтырылады. 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады”
Айта кетейік, Түркістан облысында 67 мыңнан астам көлік газ қондырғысымен жабдықталған.