1,5 жасар баланы жұлқылаған тәрбиеші жұмыстан кетті

фото qazaqjoly.kz

Әлеуметтік желіде балабақша қызметкерінің бүлдіршінді аяусыз жұлқылаған видеосы тарады. Оқиға 21 ақпан күні Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. 1,5 жастағы баланың анасы балабақшадағы бейнебақылау камерасын қарап, кейін құзырлы органдарға шағымданған. Болған оқиға бойыша полиция қылмыстық іс қозғады.

«Полиция Түркістан балабақшасындағы баланы ұру дерегі бойынша тергеу жүргізуде. Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мән жай анықталуда«, – деп мәлімдеді Түркістан облыстық ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.

Облыстық білім басқармасы тәрбиешінің көмекшісі өз өтініші негізінде жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.

«Аталған мәселені Түркістан облысының білім басқармасы назарға алды. Оқиға Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде орын алған. Қазіргі таңда аталған іс бойынша құзырлы органдар жұмыс жасауда. Тәрбиешінің көмекшісі қазіргі таңда өз еркімен жұмыстан босатылды», – деді Түркістан қаласы білім бөлімінің бас маманы Жансая Орынбасарова.