5 жасар қыздың өлімі: Пробация қызметкері өзін кінәсіз деп санайды

35

Сарыағаш ауданында 5 жасар қыздың өліміне кінәлі деп танылған Сайдолим Гаийбназаровты бас бостандығынан шектелген кезде пробация қызметкері жұмысына байқамай салғырттық танытты деген күдікке ілінген еді.

Бұған дейін жарыссөзде прокурор сезіктіні 3 жылға соттауды сұраған. Ал бүгін күдікті пробация қызметі бөлімі қызметкері соңғы сөзінде өзінің айыпты емес екенін алға тарты.

«Мен өзімді кінәлі емеспін деп есептеймін және бұл бірінші сатыдағы соттың тергеуімен дәлелденді. Менің қызметтік тәртіппен маған жүктелген міндеттер бұрмаланған, ойдан алынған деп білемін. Осы бес ай бойы тергеу жүріп жатқанда отбасым тыныш ұйықтай алмады. Тіпті әкем екі рет ауруханаға түсті. Құрметті сот, жәбірленуші тарап мені ақтауды да сұрады. Жәбірленушілер де маған қарсы арыз жазбаған. Осының барлығын ескеріп, құрметті сот мені ақтауыңызды сұраймын»,- дейді күдікті азамат.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Жібек жолы ауылындағы 5 жасар қызды 48 жастағы азамат аяусыз қинап өлтірген еді. Сот шешімімен күдікті өмірбақиға сотталды.