Автокөлікті масаң күйде басқару, ол тек қана өзінің өміріне ғана емес, сонымен қатар айналандағы адамдарға, жол жүрісінің қатысушыларына қауіп төңдіру, заңды өрескел бұзу болып табылады.
Бұл құқық бұзушылық бойынша жергілікті полиция қызметімен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалып, Төлеби аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушы Е.Т — сотқа келуден жалтарып, қашып жүрген, Төлеби аудандық полиция бөлімінің инспекторлары сотқа мәжбүрлеп алып келу туралы қаулы негізінде құқық бұзушыны тауып сотқа жеткізген.
Нәтижесінде, сот қаулысымен құқық бұзушы Е.Т. кінәлі деп танылып, 15 (он бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынып — 7 (жеті) жыл көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Қаулы заңды күшіне енбеген.