Сыбайлас жемқорлықтың түбі қайда алып соғарын көрсету үшін мамандар шымкенттік шенеуніктерді тергеу изоляторына апарды.
Экскурсия қатысушылары: аудан әкімдері мен басқарма басшылары. Олар тар, қараңғы, сұп-суық камералар мен темір торды бақылап, пара алған жандардың күйін өз көзімен көріп қайтты. Шараны тұрақты түрде өткізіп жүрген антикорлықтар бұл жемқорлықтың алдын алатынына сенімді.
«Акция екі бағытқа бөлінеді, біріншісі – бас бостандығынан айыру орындарымен танысу, екіншісі – әріптесі сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған сот процесіне ұжымның қатысуы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірінші айының өзінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты 17 іс қозғалды», — дейді СЖҚІҚА Шымкент қаласы бойынша басқарма басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев.