Азаматтық істер жөніндегі сотқа жарты жылда 23 мыңнан аса арыз-шағым түскен

32

Шымкентте ел президентінің тапсырмасымен былтыр азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот құрылды. Жарты жылдың ішінде мұнда 23 мың шағым түсіп, оның 9400-іне қатысты нақты шешім шыққан. Мамандар оның басым бөлігі жер дауына қатысты екенін айтады. 

Ел президентінің бастамасымен былтыр азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сот құрылды. Жарты жылдың ішінде оларға 23 мыңнан аса талап-арыз түскен. Оның қазір 17 мыңы қаралып, аяқталды. Мамандардың сөзінше қалада қаралған істердің басым бөлігі аталған сотқа тиесілі. Судья оның 45 пайызы ана тілімізде жүргізілетінін айтады.

«Судьяның өндірісінде 100-200 іс ұдайы болып отырады. Ал тіл мәселесіне келетін болсақ, сот процесі 2 тілде жүргізіледі. Арыз шағымның түсуіне байланысты 45 пайызы қазақ тілінде жүргізілді. Ал солтүстікте іс қазақ тілінде 5-10 пайыз ғана жүргізіледі. Бұл онымен қарағанда 50-50 пайызды құрайды»,- дейді Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі сотының төрағасы Ғани Бектаев.

Мамандар сотқа азаматтардың көбі жер дауына байланысты жүгінетінін айтады. Оның ішінде жеке меншігі біреудің участкесімен қосылып кету немесе картада дұрыс сызылмау салдарынан жері басқа біреудің атына өтіп кету жағдайлары тіркелген. Сәйкесінше мұндай істерді қарап, ақ-қарасын анықтау ұзақ уақытты талап етеді дейді сот төрағасы.

«Жердің орналасу жағдайына қарай, күрделілігі осымен байланыстырылады. Заңға сәйкес, кадастр мамандарын, керек болса, сот сараптамасына жүгіне отырып, кімнің жері, қайда орналасқанын компьютер арқылы біліп, дауды шешіп беріп отырады»,- дейді Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі сотының төрағасы Ғани Бектаев.

Азаматтық істер бойынша 9400 шешім шығарылса, оның 1400-іне медиация мамандары атсалысқан. Бұл сала бойынша 5 судья тағайындалып, қазір жеңіл дауларды екі жақты келісім арқылы шешу жолын қарастырап жатыр.