Балаларды аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды

0

Әлеуметтік желіде ер адамның балаларды аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады. Тіпті бүлдіршіндерді тепкені де байқалады. Полицияның мәліметінше, оқиға балалардың өз үйінде орын алған. Алайда, күдікті ер адамның кім екені бойынша нақты ақпарат жоқ. Тәртіп сақшылары бүгінде балалар анасының қасында дейді. Ал, күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Асылжан Қалдарбеков, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары: «Түркістан облысында жасөспірім балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Істің тергелуі Түркістан облысы ПД бастығының жеке бақылауында»