Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полицейі Ербол Есалиев қызметін атқарып жүріп, Тәуке хан көшесінің бойында жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірген «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігін байқап, мән-жайды анықтау үшін жанына барды.
Белгілі болғандай жүргізуші жолда келе жатып, дөңгелегі жарылған. Оны ауыстырып алайын десе құрал-сайманы жоқ. Сондықтан шарасыз қалған жүргізуші таныстарын күтіп тұрған. Оқиғаның мән-жайын білген тәртіп сақшысы жедел әрекет етіп, өзінің құралдарымен көліктің дөңгелегін ауыстырып берді. Сәттілік тілеп, жолда абай болуды ескертті. Ал жүргізуші ер азамат полицейдің көмегіне риза болып, алғысын бейнежазба арқылы жолдады.