Шымкент полициясы өзін-өзі өртеп жібермек болған ер кісіге қатысты пікір білдірді

0

Бүгін, 14 ақпанда Шымкенттегі «Шайгүл» тойханасының шатырында ер кісі үстіне жанармай құйып, өзін-өзі өртеп жібермек болды. Қалалық Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Анықталғандай, ер адам мүлік мәселесіне қатысты шыққан сот шешіміне наразылық білдірген.

«Жедел топ болуы мүмкін оқыс жайттың алдын алды. Қазір тұрғынның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ» деп мәлімдеді полициядан.

Еске салсақ, оқиға Жиделібайсын мен Гагарин көшелерінің қиылысында күндізгі уақытта болған.

(Фото: gov.kz)