Шымкентте ойнап жүрген 6 жасар баланың қолы үйдегі жылу батареясының арасына қысылып қалды. Оқиға бүгін күндізгі сағат 12-лер шамасында Қазыбек би көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде болған.
Бұл туралы құтқарушыларға сағат 12:07-де хабарлама түсті. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құралдардың көмегімен баланың қолын батареядан шығарып берді.
Осы ретте төтеншеліктер тұрғындардан балаларын қараусыз қалдырмауды және мұқият болуды сұрайды.
(Фото: Шымкент қ. ТЖД)