Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ұсталды

Шымкентте адам өлтірді деген күдікті қолға түсті. Бұл туралы Шымкент қаласының полиция департаменті мәлімдеді.

Аса ауыр қылмыс Алматы қаласының аумағында түнгі уақытта орын алған. Алматылық тәртіп сақшыларының мәлметінше, күдікті Hyundai Elantra көлгімен қашып кеткен.

«Автокөлікті «Қорғау» бағдарламасын пайдалана отырып, бейнебақылау камераларының мониторингі барысында Шымкент полиция департаментінің ЖБО қызметкерлері анықтады. Көлік құралын ұстауға дереу патрульдік нарядтар бағытталды«,- делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетуге тырысқан күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.