Шымкентте алаяқтық фактілері жиілеген. Олар азаматтардың сеніміне кіріп, алдау үшін түрліі жаңа айла-тәсіл ойлап табуда. Жасанды интеллект көмегімен түрлі фейк ақпараттар тарауда. Олардың арасында тіпті ел Президентінің қазақстандықтарды жаңа платформаға инвестиция салуға шақырған бейнеөтініші те бар. Шымкент прокуратурасының өкілдері желіде таралатын күмәнді бейнероликтерге сенбеуге шақырды.
«Қаншама жалған ақпарат, жарнама берген сайт пен парақшаларды жапқанымызбен, олар бір минуттан кейін-ақ пайда болады. Ол бір минуттан кейін пайда болады. Сондықтан олармен күрес ешқашан бітпейді. Сол себепті адамдарға жеткізген дұрыс та. Қылмыстың алдын алған маңызды», — деді Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат.
Алаяқтардың ең жиі қолданатын тәсілі, туыстарыңыз мен жақындарыңыздың атынан шұғыл хабарлама жіберу. Мәселен Ватсап желісіне немесе Телеграммға жақыныңыздың нөмірінен ақша сұраған хабарлама келуі мүмкін. Олар сонымен қатар сеніміңІзге кіріп, шотқа кіруге немесе ақша аударымы үшін тексеру кодын жіберуді сұрайды. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, ең алдымен қарыз сұрап жазған адамға тікелей хабарласыңыз. Егер, ол растамаса, шұғыл түрде полицияға қоңырау шалу қажет.