Шымкентте ер адам «жиһад» орындауға Сирияға кетпек болған

0

Шымкентте терроризмді насихаттады деген күдікпен ер адам ұсталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған.

Алайда түркістандық тұрғын «Жиһад» деп аталатын әрекетін орындай алмады. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда оның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

ҰҚК баспасөз қызметі: «Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергелуде, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды».