Шымкентте Жібек жолы көшесі бойындағы «Люкс» моншасының алдында атыс болды. Оқиға кеше, 27 ақпанда кешкі сағат 8-ден шамасында орын алған.
Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде жас жігіт қарсыласына оқ жаудырған. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан атыс қаруының гильзалары табылған. Болжам бойынша оқ травматикалық тапаншадан атылған.
Полиция күдіктінің кім екенін анықтап, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram