Стоматологиялық емханаларға қойылатын санитариялық талаптар

114
фото ortalyq.kz

 

Стоматологиялық аурулар халық арасында кең таралған, еліміздің әрбір үшінші баласында тіс кариесі бар, ересек адамдарда 100% кариес ауруы кездеседі, сондықтан стоматологиялық көмек медициналық көмектің ең көп таралған түрлерінің бірі болып табылады.

 

Бұл жағдай стоматологиялық асқынулардың алдын-алудың, сондай-ақ тіс дәрігерлерінің әртүрлі инфекцияларды жұқтырудың алдын-алу маңыздылығын айқындайды.    Ауыз қуысы — ең көп микробтар және бактериялардың жиналатын орыны болып саналады.

  • Стоматологиялық көмек көрсету кезінде сілекейде, қанда болатын микроорганизмдер дамып, тікелей немесе жанама жолдар арқылы: ауа, медициналық құралдар мен материалдар, медициналық қызметкерлердің қолдары және т. б. ауруханаішілік инфекциясының пайда болуына ықпал етуі мүмкін. Сол себепті, стоматологиялық асқынулардың алдын-алу шаралары жан-жақты болуы керек, оның ішінде асептика және антисептика, дезинфекция және зарарсыздандыру сияқты шараларға ерекше көңіл бөліну қажет.
  • Әр бір стоматологиялық клиникада құралдарды өңдеу және зарарсыздандыру жүйесі қалыптасқан және асептика мен антисептика ережелері сақталуы қажет. Мұның бәрі клиниканың ішкі бақылауымен реттеледі. Ауыз қуысында қолданылатын құрал-саймандар, медициналық бұйымдар бір реттік болуы керек. Ал көп қолданылатын құралдар (металл) инфекцияның алдын алатын өңдеудің үш кезеңінен өтуі қажет. Пациенттер мен қызметкерлердің денсаулығы өте маңызды.
  • Стоматологиялық клиникаларда санитариялық қауіпсіздік, инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында төмендегідей бірқатар жағдайларға көңіл бөлу қажет:
    -науқастарды қатаң түрде белгіленген уақытта жазу бойынша қабылдау;
    — әр пациенттен кейін тіс дәрігерінің кабинетін өңдеу: барлық жерлерді, есік тұтқалары, т.б.;
    -стерильді құралдарды, материалдар мен препараттарды пайдалану;
    — ауаны тазарту: заманауи желдету жүйесі, бөлмелердегі ауаны кварцпен залалсыздандыру;
    — бір рет қолданылатын стерильді маскалар, қолғаптар, персоналға арналған очки немесе көзілдіріктердіпайдалану;
    -жұмыскерлер мен пациенттердің термометриясын жүргізу;
    — келушілерге, қызметкерлерге арналған қолды өңдеуге арналған санитайзерлер, маскалар, алжапқыш және бір реттік бахилалармен жеткілікті қамтамасыз ету;
    — Кабинет есігінде ақпараттық тақтайшалардың болуы. Қолданылатын құралдарды көрсете отырып, кабинетті кварцтау мен дезинфекциялау кестесі болуы тиіс. Егер клиникада осы қажетті санитариялық жағдайлар сақталғанда ғана емделуге болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ -96/2020 бұйрығының талаптарын орындау жауапкершiлiгi стоматологиялық, ұйымдардың бiрiншi басшыларына, бөлiмшелердiң, кабинеттердiң, тiс техникасы лабораторияларының меңгерушiлерiне, жеке және заңды тұлғаларғажүктеледi.

Аталған бұйрықтың санитариялық- эпидемиологиялық талаптарын сақтай отырып, жұмыс жүргізуге шақырамыз. Мекемеде гигиеналық талапты сақтау және оны орындау,  әрбір мекеменің міндеті, оның адам денсаулығына зиянсыз, қауіпсіз талапқа сай болуы ауруды болдырмаудың негізі болып табылады.

Ж.Н.Сәрсеқұлова,

Шымкент қаласы Тұран ауданының

СЭББ  бас маманы