Түркістан облысында автокөлікті айдап кеткен күдікті ұсталды

46
фото ТО ПД

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде көлік ұрлығына қатысы бар 35 жастағы тұрғынды ұстады.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшылары күдіктіні «Opel Vectra» маркалы көлігін Шымкент-Түркістан тас жолы бойынан айдап бара жатқан жерінен ұстады. Оқиға болған күні ол кешкі уақытта көшеде кілттенбеген көлікті байқап, діттеген жеріне жету үшін айдап кеткен.
Сондай-ақ полицейлер оның тағы бір автокөлікті айдап кету қылмысына қатысы барын анықтады. Бүгінде ұрланған көлік тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.