Түркістанда екі баласын өлтірді деген күдікпен Қызылорда облысының тумасы ұсталды. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева қылмыстық оқиғаға қатысты тың ақпаратпен бөлісті.
Бұл туралы балалар омбудсмені желі парақшасында жазды.
«Иманды болсын, періштелер!
Қызылорда облысының тумасы Түркістан қаласына келіп, пәтер жалдағаны, содан соң туыстарына балаларды өлтірейін деп жатқаны туралы айтқаны белгілі. Мән-жай анықталуда. Істі тергеумен Түркістан облысының ПД айналысуда» деп жазды Динара Закиева.
Еске салсақ, Түркістанда жалдамалы пәтерлердің бірінен екі баланың мәйіті табылған еді. Көп ұзамай полицейлер Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінен екі баласын өлтірді деген күдікпен олардың анасын ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық істі облыстық Полиция департаментінің бастығы өз бақылауына алды.
(Фото: ашық дереккөз)