Түркістанда Нұрбанктің қаржылай қолдауымен инновациялық әдіс-тәсілдермен оқытатын жекеменшік балабақша ашылды

36

 

 

Бақытты балалық шаққа қосқан үлес: Түркістанда Нұрбанктің қаржылай қолдауымен оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері бар жаңа жекеменшік балабақша жұмыс істей бастады.

 

Түркістан облысы туу көрсеткіші мен көп балалы отбасылардың саны бойынша республикада алдыңғы қатардағы өңірлердің бірі. Тұрақты оң демографиялық өсу балабақшалар мен мектептердің жетіспеушілігіне әкеп соқты. Облыс басшылығы оқу орындарының тапшылығын өз күшімен де, жеке бизнесті тарту арқылы да азайтуға тырысуда.

 

Кәсіпкер Рабиға Қаныбекова Түркістан қаласында облыс үшін әлеуметтік маңызы зор жобаның құрылысына инвестиция салуды жөн көрді. 2023 жылдың басында кәсіпкер «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» аясында «Нұрбанк» АҚ-тың «ШОБ-Бизнес» өнімін пайдалана отырып, балабақша салуға кредит алды. Нысанның құрылысы жеделдетілген қарқынмен жүргізілді және 2023 жылдың аяғында «Томирис» балабақшасы кішкентай келушілерге есігін айқара ашты.

 

 – Рабиға Шопанқызы, өткен жылдың соңында жаңа балабақша аштыңыз. Мекемеде балаларға қандай жағдай жасалғанын айтып беріңізші.

 

– «Томирис» көпсалалы балабақша 2023 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істеп келеді.

Балабақша 2023 жылы балабақша құрылысының барлық техникалық жобалау нормалары сақтала отырып, салынған жаңа ғимаратта орналасқан. Ұйықтауға, ойнауға, оқуға арналған жеке-жеке бөлмелер, спорт бөлмесі, тұз шахтасы, акт залы, сондай-ақ балалар мен қызметкерлерге арналған санитарлық тораптар бар.

 

Жарық және жылы бөлмелеріміздің дизайны балалардың жайлы дамуы үшін психологпен бірлесіп әзірленді. Кішкентай тәрбиеленушілеріміздің білім алуын және олардың бойындағы дарындылығын ашуды қызықты әрі көңілдірек ету үшін бөлмелер көптеген тәлімгерлік ойыншықтармен және кітаптармен жабдықталған.

 

Балалармен жоғары білікті мұғалімдер, әдіскерлер, бала күтушілер жұмыс істейді, сонымен қатар өзіміздің логопед, хореографымыз бар.

 

Балаларымыз ауырмас, денсаулығын нығайту үшін бақша ғимаратында орналасқан тұз шахтасына тұрақты түрде бару ұйымдастырылған.

 

Балалардың қауіпсіздігі біз үшін бірінші орында, сондықтан балабақшада тәулік бойы бейнебақылау орнатылған, ол балалардың балабақшадағы әрбір қадамын жазып алады және ата-аналарға балаларының күні қалай өтетінін көруге мүмкіндік береді. Жұмысбасты ата-аналарға ыңғайлы болу үшін тасымалдау ұйымдастырылған.

 

Жеке балабақша ашуға не түрткі болды?

 

– Алғашында өзімнің жеке балабақшамды ашуды немерелерімізге балабақша таңдау қажеттілігі туындаған кезде ойландым. Әрбір ата-ана балабақшаны таңдау қаншалықты қиын екенін біледі, өйткені көптеген факторларды ескеру қажет: мекеменің орналасқан жері, оның қызметкерлері, оқу бағдарламасы, тамақтануы және т.с.с.

 

Немерелерім үшін балабақша таңдаған кезде мен қаладағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің нарығын мұқият зерттеп, көңіл көншітпейтін қорытындыға келдім: мемлекеттік балабақшалардың кезегі кейде біз ойлағандай тез жылжымайды, ал жақсы жекеменшік балабақшалардағы бағалар әрбір орташа отбасының қалтасы көтермейтін жағдай.

 

Сонда мен балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуы үшін барлық талаптарға сай келетін өз балабақшамды ашу керек екеніне, тағы бір маңыздысы – мекемеге бару үшін төленетін төлемнің қолайлы болу керектігіне көзім жетті.

 

 – Сіздің балабақшаңыздың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс аясында Түркістан қалалық білім беру бөлімімен ынтымақтаса ма?

 

– Иә, балабақшамыз мемлекеттік тапсырыс аясында Түркістан қалалық білім беру бөлімімен бірлесе жұмыс істейді. Қазіргі уақытта біз бөлімнің шешімін күтіп отырмыз, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік тапсырыс аясында мектеп жасына дейінгі 75 балаға қызмет көрсетіледі.

 

Балабақшаңызды салу үшін орынды қалай таңдадыңыз?

 

–Біздің балабақша жаңа шағынауданда орналасқан, мұнда негізінен балабақша қызметіне мұқтаж жас отбасылар тұрады. Шағынаудан облыс орталығының Түркістан қаласына көшірілуіне байланысты қаланың ұлғаюы нәтижесінде пайда болды.

 

– Қазір балабақшаңызда қанша бала білім алуда?

– Балабақша 150 орынға есептелген, ол әр топта 25 баладан есептегенде 6 топ болады.

Жақын аудандардағы ата-аналарды балабақшамызбен таныстыру мақсатында ашық есік күнін ұйымдастырдық. Біз қонақтарды ғимаратты аралатып көрсеттік, ал мұғалімдеріміз сұрақтарға жауап беріп, келушілерді ауқымды оқу бағдарламасымен таныстырды. Балабақшада жасалған жағдай ата-аналарды таңырқағандарын жасыра алмады да біз жұмыс істей бастаған күннен бастап алғашқы тәрбиеленушілерімізді қабылдай бастадық және қазіргі уақытта балабақшамызға 75 бала келеді.

 

– Тәрбиеленушілер балабақшада қалай тамақтанады?

 

– Біз 10 күндік ас мәзірін әзірледік, оның құрамында керекті мөлшерде майлар, ақуыздар мен көмірсу бар тағамдар бар, олар баланың денесінің толыққанды өсуі мен дамуы үшін қажет. Сонымен қатар, балаларды дұрыс тамақтану әдеттеріне баулу мақсатында үйде де дұрыс тамақтану тәртібі сақталуы жөнінде ата-аналарға ақыл-кеңес беріп келеміз. Біздің балабақшамызға 1 жастан 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндер келеді. Соған сәйкес біз ас-мәзірін олардың жас тобының қажеттіліктеріне қарай жасақтаймыз.

 

Сондай-ақ, балабақшаға баланы беру кезінде ата-аналар сауалнама толтырады да онда  балаларының қандай тағамдарға аллергиясы бар екенін, тамақтану бойынша медициналық ұсыныстардың бар-жоғын көрсетеді, егер ондайлар бар болса, болашақта біз осы фактілерді ескеріп, олар үшін дербес диеталық тағам пісіреміз.

 

– Балабақша жұмыскер алу кезінде қандай қағиданы ұстандыңыз?

 

– Балабақшаның ұжымы 16 жұмыскерден қалыптасқан. Қазіргі таңда 3 тәрбиеші, 3 бала күтуші, әдіскер, аспазшы, мейірбике, психолог, логопед, хореограф, әкімшілік-шаруашылық қызметкері, күзетші мен жүргізуші жұмыс істейді.

 

Педагогикалық кадрларды жұмысқа қабылдау кезіндегі негізгі критерийлер жоғары білім туралы дипломның болуы, мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс тәжірибесі, өз саласын білетін және балалармен тіл табыса алатын маман болуы керек.

 

Тәрбиешілер – ерекше санаттағы адамдар. Ойланыңыздар, өз тентек балаларыңмен күресу оңай емес, бірақ 25 баланы тәрбиелеп, олардың әрқайсысының тілін табу үшін өз ісінің кәсіби маманы ғана емес, сонымен бірге қоғамның бұл маңызды мамандыққа икемі болуы керек.

 

Біздің қызметкерлер балабақша тәрбиеленушілеріміздің екінші үйіне, таң ата қуана асығатын орынға айналуы үшін бар күш-жігерін салып жатыр деп сеніммен айта аламын. Біздің ұжымның кәсіби шеберлігі мен үйлесімді жұмысының арқасында балабақшада әрбір баланың әлеуетін ашуға қолайлы жағдай жасалды.

 

– Балабақша құрылысына қаржыны қайдан таптыңыз?

 

– Балабақшаның ғимараты «2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы» мемлекеттік бағдарламасының аясында 2023 жылы салынып, сол жылы пайдалануға қабылданды. Біздің өңірге стратегиялық маңызы бар нысанның салуға «Нұрбанк» АҚ қаржылай қолдау көрсетті.

 

Нұрбанкпен ынтымақтастығыңыз туралы айтып беріңізші. Неліктен осы банкті таңдауды жөн көрдіңіз?

 

– Біз Нұрбанкпен ынтымақтастығымызды бес жылдан астам уақыт бұрын бастаған болатынбыз және бұл бірнеше факторларға байланысты ақылмен жасалған таңдау болды. Біріншіден, қаржы нарығындағы 30 жылдан астам қызметінде Нұрбанк өзін клиенттердің қажеттіліктерін түсінетін және нарықтық өзгерістерге тез бейімделетін сенімді және тұрақты банк ретінде көрсетті. Екіншіден, Нұрбанкпен серіктестікті балабақша құрылысын қаржыландыруға өтінім бермес бұрын орнаттық. Сондықтан қаржыландыру қажет болса, сенімді серіктес ретінде Нұрбанкке жүгінеміз.

 

Банктің жауапты жұмыскерлері біздің қажеттіліктерімізді терең түсініп, жобамызды қаржыландыру үшін қолайлы және тиімді жағдайлар жасай отырып, бізбен белсенді араласты. Біз сенімді және жемісті іскерлік қарым-қатынасымызды жалғастыратынымызға сенімдіміз.

 

Балабақшаны іргетасынан қалап шығу қаншалықты қиын? Құрылыс процесінің қандай негізгі кезеңдерін атап өте аласыз?

 – Әрине, кез келген инвестициялық жобаны іске асыру оңай шаруа емес. Дегенмен, барлық заң талаптарын сақтаған, жоспарлауды дұрыс жолға қойған жағдайда кез келген күрделі жобаны жүзеге асыруға болады. Әрине, маңыздысы, тақырыпқа өзің араласу факторы – балаларға деген сүйіспеншілік, ата-анаға және мемлекетке көмектесуге деген ұмтылыс, бала тәрбиесіне кәсіби көзқарасты ұйымдастыра білу – мұның бәрі бізге етене жақын іс.

Сондықтан осындай жауапты іс ұйымдастыруды жөн көрдік. Және де біздің ынтымақтастығымыз кезінде өзін сенімді іскер екендігін көрсеткен Нұрбанк сияқты бизнес-серіктесті таңдау өте маңызды.

* Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 03-ақпанында берген «Нұрбанк» АҚ-тың лицензиясының №1.2.15/193.