Жеке үйдегі өрттен зардап шеккен әйел мен нәрестенің жағдайы орташа

фото Шымкент ТЖД

8 ақпан күні сағат 15:09-да Еңбекші ауданы, Оңтүстік елді мекені Талдықорған көшесіндегі жеке тұрғын үйде жалпы көлемі 54 ш.м. жану орын оқиғасы орын алды. Өрт сағат 15:27-де оқшауланып, сағат 15:58-де толық сөндірілді.

Өрт салдарынан 2005 жылы туылған жүкті әйел мен 2023 жылы туылған нәресте зардап шекті. Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнына ТЖД 12 қызметкер және 3 техника, АМО 3 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды.

2005 жылы туылған жүкті әйелде 6 пайыз беттің, бастың, оң жақ аяқтың, арқаның, екі қолдың өкшенің 1 дәрежелі термиялық күйік шалған. Таңу жасалып, нәресте мен әйелге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.