Шымкенттегі кофеханада өрт шықты

17

(Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі)

Шымкенттегі кофеханада өрт шықты.

ТЖМ мәліметінше, кофе мекемелері желісінің бірінің қойма бөлмесі отқа оранды. Бөлмеде кофе мен сүт өнімдері болған.

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде сөндіріп үлгерген. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.