Егістік жерге көпқабатты үй салмақ

41

Сайрамда жер мәселесіне қатысты дау туындады. Жергілікті шаруалар напақасын айырып отырған егістік жерден айырылып қаламыз ба деп алаңдайды. Себебі егіс алқабын әкімдік құрылыс жүргізу үшін сатып алатынын айтқан. Дихандар шенеуніктердің бұл шешімімен келіспейтінін айтып отыр. Себебі олар өзіне тиесілі мүлікті сақтап қалғысы келеді. 

Ақсукентте жер дауы туындады. Мұнда жергілікті тұрғындар егістік жерінен айрылып қаламыз ба деп алаңдаулы. Әкімдік ауыл тұрғындарына учаскелерді мемлекет қажеттілігі үшін алатынын айтқан. Мұнда әкімшілік-іскерлік орталық пен көпқабатты үйлер салынады деп жоспарланған. Ал осы алқапға жеміс-жидек егіп, күнін көріп отқан дихандар енді не істерін білмей әлек.

«Бізге ананы істеп бер, бізді асырап бер деп жатқан жоқпыз. Өз еңбегімізбен өмір сүріп жатырмыз. Жан бағу үшін денсаулықтан айырылып, қаншама жылдар аяқтан, мидан суық өтіп, қақаған аязда тентіреп, ыстықта миымыз еріп, аузымыздан ағып кете жаздап, сөйтіп еңбекпен алған жеріміз. Картоп, баялды, қызанақ, пияз егетінбіз. Биыл бидай егеміз деп отыр едік. Жұрттар жерін жыртып дайындап қойған. Біразы жоңышқасын егіп тастаған. Енді келіп жерді тәркілеу жасаймыз дейді. Енді келіп тұрған адамының сиқы анау», — дейді шаруа қожалығының иесі Баян Қасымбекова.

Ауылдық жерде жұмыс орны тапшы. Сондықтан напақасын қара жерден айырып отырған ауыл тұрғындары енді бала-шағасын асырау мұңға айналатын айтады.

Мырзадәулет Әбдірайымов, дихан: «Менің 31 немерем, 20 шөберем бар. Мен ертең қайда барам? Оларға тамақ табу керек, бағу керек. Өкіметте жұмыс жоқ. Қалай күн көреміз Алып қоямыз дейді. Біз бермейміз».

Ал аудандық әкімдік бұл жерге құрылыс жүргізу туралы жоспар 2016 жылы құрылғанын айтады. Алайда көпқабатты үй салуға бюджет қаражаты жетпеген. Қазір үй кезегінде тұрған 3 жарым мыңнан аса адам бар. Мамандар ауылда жер телімі аз болғандықтан осы шешімге келгенін жеткізді.

Шухратулла Убайдуллаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары: «Халық тығыз орналасқан. Ол бәрімізге белгілі. Қазір 230 мың адам бар. Бірақ 2014 жылдан бері ауданда тұрғын үй салуға мүлде жер бөлінбеген. Қазір ауданда жер болмағандықтан кодексте жазылған баламалы жер беріледі. Немесе нарықтағы бағамен сатып алады деп. Ақсукент ауылының бас жоспарына сәйкес бағалаушылар анықталды. Олар нарықтық бағада сатып алады. Қазіргі бағамен қанша деп бағаланса, үкімет сол жерлерді сатып алады»

Кейбір шаруалар жерді беруге келіскен. Алайда басым бөлігі сотқа жүгінеміз деп отыр. Себебі олар жылдар бойы тер төгіп, еңбекпен жеткен табыс көзінен айрылып қалғысы келмейтінін айтады.