Форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша өтініштер қабылданып жатыр

30
фото Ашық дереккөз

Аграрлық салада жұмыс істейтіндерге керемет мүмкіндік. Ағымдағы жылы  форвард бағдарламасына республикалық бюджеттен 40 миллиард  теңге бөлінді. Оның 5 миллиарды  үш жақты форвардтық сатып алуға жұмсалады. Яғни, азық-түлік корпорациясы, қызмет алушы және өңдеуші кәсіпорындар арасында шикізатты сату бойынша келісімді жүзеге асыруға бағытталады.

Жаңа тәртіп тараптарға оң ықпал етері сөзсіз. Себебі, шаруа жеңілдетілген қаржы мен кепілдендірілген тұтыну мүмкіндігін алады. Қайта өңдеуші нақты белгіленген бағамен шикізатқа қол жеткізеді. Халық та дайын өнімді қолжетімді бағаға ала алады. Бағдарлама бойынша өтініштер ақпанның ортасынан бері қабылданып жатыр. Әзірге 33 агро ұйым 4,1 млрд теңге алды.