Көктемгі дала жұмыстарына арналған дизель отыны қымбаттамайды

31

Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отыны қымбаттамайды. Барлық облыста былтырғы баға сақталады. Яғни, қосымша құн салығымен бірге литріне — 250 теңге. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында айтты.

Бұл бөлшек саудадан 15 пайызға немесе 45 теңгеге арзан. Жыл басында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 340 мың 300 тонна жанармай жеткізу кестесі бекітілген болатын.  Ақпан-наурыз айларында 27 мың тонна дизель жөнелтілді.

«Өткен жылы күзгі дала жұмыстары қалдықтарын ескере отырып, энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын тиеп жөнелтудің оңтайлы графигін айқындайды. Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер атына тиеп жөнелту тұрақты бақылауда болады»,-деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.