Мереке күндерінің басталу аясында ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялардың, оның ішінде қызылша, ЖРВИ/тұмау, коронавирустық инфекция және көкжөтелдің қауіптілігі туралы есте ұстау керек.
Аурудың алдын алу мақсатында адамдар көп жиналатын орындарға бармау, қолды антисептикпен өңдеу, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жабық орындарға барғанда бетперде кию ұсынылады. Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде оқшауланып, дәрігерді үйге шақыртып, емделу керек.
Аталған аурулардың өршуін болдырмаудың жалғыз жолы – вакцинациялау. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың кемінде 80,0% егілуі тиіс. Сондықтан вакцинамен басқарылатын ауруларға қарсы дер кезінде екпе алып, сақтанған жөн.
Наурыз мерекелері тек демалуға ғана емес, сонымен қатар өз денсаулығыңызға қамқорлық жасауға мүмкіндік береді.
Инфекцияның таралуында халықтың саналылығы үлкен рөл атқарады. Қазір көптеген азаматтар жаппай іс-шараларға баруға қарағанда, отбасы мен достарының ортасында демалудың жақсы екенін түсінді.
Шымкент қаласының тұрғындарын алда келе жатқан арайлы мереке «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтаймыз және зор денсаулық тілейміз!
Сақтанайық, жақынымызды сақтайық!
Төлебаев Әбдіманап Қошқарұлы,
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері