Мониторинг нәтижесінде кәсіпкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

34
фото biz01.kz

 

 

        Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.

Айта кету қажет, 2023 жылы Департаментпен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүргізілген мониторинг нәтижесінде, 464 бұзушылық анықталып, 15 қызметші тәртіптік,
36 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Осы бағыттағы үздіксіз жұмыстардың нәтижесінде өткен жылы Департаментпен 13 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Ағымдағы жылы жүргізілген мониторинг нәтижесінде, мемлекеттік орган комиссия құрымының толық жиналмауын алға тартып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті бірқатар қызмет алушылардың жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бас тартқаны анықталды.

Осы орайда, анықталған бұзушылықтар бойынша Департаменттің ықпалымен кәсіпкерлердің өтініштеріне мемлекеттік органның тиісті қаулылары табысталды.

Ал, бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлға тиісті жауапкершілікке тартылды.

Мырзабек Сейтбек,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің

Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы