Нәрестенің құлағынан алтын сырғасын шешіп алған күдікті құрықталды

52
фото ТО ПД

Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Анықталғандай, күдікті әйел базарда екі баласымен және жол сөмкесімен такси іздеп жүрген әйелді көрген. Жәбірленушінің қолында 2 жастағы қызы мен жол сөмкесі және 8 айлық сәбиі болған. Ол әйелге көмектеспек болып, сәбиді қолына алған. Яғни таксиге дейін шығарып салар тұста оған байқатпай нәрестенің құлағындағы сырғасын шешіп алған. Сырғаны ломбардқа өткізіп жіберген.
Тәртіп сақшылары күдіктінің қолды қылған сырғасын тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатыстылығы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.