Отырар ауданында мектептің еден жуушысы оқушының телефонын ұрлап кеткен 

300

Отырар ауданында мектепте еден жуушы болып жұмыс жасайтын 43 жастағы әйел ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды. Ол оқушы қыздың ұялы телефонын жымқырған. 

Полиция мәліметінше, оқиға болған күні күдікті спорт залдағы қыздардың киім ауыстыру бөлмесін тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде сөреде тұрған «Oppo A53» маркалы ұялы телефонын қолды еткен.  Еден жуушы әйел ұрлап алған ұялы телефонын сатып үлгерген. Ұялы телефон заңды иесіне қайтарылды.

Полицейлер қазіргі таңда күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығын тексеріп жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

(Фото: ашық дереккөз)