Өзбекстандық компания Түркістан облысында суару жүйесін шығаратын зауыт ашпақ

28

Өзбекстандық компания Түркістан облысында заманауи суару жүйелерін шығаратын зауыт ашпақ. Бұл туралы  ҚР су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітовтің Түркістан облысына сапары аясында белгілі болды.

Аталған ведомсто таратқан хабарламада: «Облыста суарудың үнемді жүйелерін дайындаумен және орнатумен айналысатын өзбекстандық OMAD Start компаниясының зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы шаруалармен кездесуге қатысқан кәсіпорын басшысы Шахобиддин Каромов мәлімдеді»деп жазылған.
Министрлік   Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасының  құрылысын биыл жылдың соңына дейін бастауға ниетті.
Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруалары мүмкіндікті пайдаланып министрге  «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнын жетілдіру және стратегиялық маңызы бар нысандарды республикалық меншікке қайтару жөнінде ұсыныстар айтты.
«Мәселелердің негізгі бөлігі каналдар мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мен реконструкцияға қатысты екенін түсініп отырмын. Біздің министрлік ұзақ жылдар бойы жинақталған күрделі мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге ниетті. Вегетация маусымы басталғаннан кейін суару жұмысының барысымен танысу үшін Түркістан облысына тағы келемін», – деді Нұржігітов.