Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалы артып келеді

28
Фото Қазақстан теміржолшысы

Өзбекстанмен арадағы жүк тасымалы алдағы жазда 3 есеге артады. Екі ел шекарасындағы «Қапланбек» кеден бекеті тамызда қайта ашылады. Нысан қазір күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр.

Ал Жібек-Жолы» бекетін реконструкциялау 2025 жылға жоспарланған. Бұл туралы өткізу пункттерін жаңғырту бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның өкілдерінен жасақталған жұмыс тобының кездесуінде айтылды.

Қазақ өзбек шекарасындағы «Жібек-Жолы» – «Гишткуприк», «Қапланбек» – «Навои» сияқты ірі өткізу бекеттерін жөндеу туралы шешім екі ел президенттерінің тапсырмасымен қабылданды. Осыған сай арнайы жұмыс тобы құрылған. Реконструкциялау жобаларын қос тарап бірлесе атқарып жатыр. Негізінен жеке тұлғалар жүретін «Жібек-Жолы» пунктінен былтыр 9 млндай жолаушы өткен.