«Азаматтарға арналған үкіметтің» Бірыңғай байланыс орталығы марапаттау рәсімі Мәскеуде өткен CСGuru Awards/Хрустальная гарнитура халықаралық сайыста «Халыққа арналған үздік байланыс орталығы» номинациясында қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Байқауға 440-тан астам үміткер қатысты. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің 150-ден астам байланыс орталықтары үздік атағына таласты. 2024 жылдың қаңтарында 1414 финалға шығып, ақпан айында CCGuru Awards қазылар алқасының мүшелерін Бірыңғай байланыс орталығының кеңсесінде қабылдаған болатын. Байқау комиссиясының өкілдері орталықтың жұмысымен және ақпараттық жүйелермен танысты.
Айта кетер болсақ, CСGuru Awards/ Хрустальная гарнитура 15 жылдан астам уақыт бойы құзырлы қазылар алқасының шешімімен жыл сайын байланыс-орталық индустриясының және клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесудің үздіктеріне беріледі. Марапат кәсіби Қоғамдастықтың жоғары жетілу және даму деңгейін мойындауын көрсетеді, байланыс орталықтарында клиенттермен қашықтықтан өзара әрекеттесу саласындағы қатысушылардың жоғары жетістіктері мен нәтижелерін растайды.
Бірыңғай байланыс орталығы Мемлекеттік корпорацияның құзырына 2021 жылы өткен болатын. Мамандар азаматтарға аудио-бейне байланыс, сондай-ақ онлайн чат және электрондық пошта арқылы 1354 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, желіде азаматтарға кеңес беріп қана қоймай, кейбір мемлекеттік қызметтерді, соның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталығында кезекке тұруды да ұсынатын робот жұмыс істейді. Қосымша айтар болсақ, жыл басынан бері байланыс орталығына 7,2 миллионнан астам қоңырау түскен.