Рамазан айында Қазақстанға саяхатшылар көптеп келуде

27
фото qyzyljarnews.kz

Қазақстан қасиетті Рамазан айында Біріккен Араб Әмірлігі тұрғындары үшін ең танымал саяхат бағытына айналды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлім етті. Шетелдік компания Skyscanner арнайы сауалнама жүргізген. Сауалнамаға қатысқан саяхатшылардың жартысынан көбі сәуір айында Алматы, Астана, Алматы облыстарына бір аптаға сапарлауды жөн көрген.

Қазақстанға қызығушылық 195%-ға артып, басқа танымал бағыттардан айтарлықтай озып кетті дейді министрлік өкілдері. «Kazakh Tourism-ге» тиесілі eQonaq жүйесінің деректері де мұны растайды. Қазақстанға БАӘ келетін туристтердің саны 2022 жылы 2 963 турист болса, былтыр 6051 туриске дейін екі есеге артқанын көрсетеді.