Сайрамда күйеуі әйелін жарақаттап, кейін өзіне қол салған

268

Отбасылық дау ойранға айналды. Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасында орын алған жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласты. Күйеуі әйеліне пышақ салмақ болып  ұмтылғанда суық қару мойнына тиген. Кейіннен өзіне бірнеше рет пышақ сұққан.

Көлікпен Асар шағынауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны «Арлан» арнайы жасағы қуып, арнайы белгі беріп, әзер тоқтатқан. Жараланғандарды 2 Жедел жәрдем көлігі келіп, алып кеткен.

Дәл қазіргі уақытта 1989 жылы туылған ер адам ауруханада ауыр халде жатыр.
Оған бас ми суйегінің жабық жарақаты, бас ми шайқалуы, бас төбе бөлімі кесілген жарақаты, іш аймағының ашык енген кесілген жарақаты. Сол жақ сан ортан бөлігі  жарақаты диагнозы қойылған.

Әзірге ресми орган ақпарат беруден бас тартты.

Гүлдана Дәурен