Шымкенттен Қазақстанның өңірлеріне саяхаттайық

фото FlyArystan әуекомпаниясы

 

FlyArystan әуекомпаниясы Шымкенттен Қостанай, Семей, Орал, Өскемен, Ақтөбе, Атырау және кері бағыттағы алты рейстің қайта орындалуын хабарлайды. Билет бағасы 9827 теңгеден басталады. Бұл бағаға борттағы кездейсоқ орын мен 5 кг (өлшемдері 56*23*36 см-ден аспайтын) 1 дана қолжүгі кіреді.

Сондай-ақ, FlyArystan 2024 жылдың көктем-жаз маусымына билеттер сатуды бастады. Жазғы маусымда жолаушыларға 50-ден астам бағыт, соның ішінде жаңа бағыттар да ұсынылады. Әуебилеттер ағымдағы жылдың қазан айының соңына дейін FlyArystan мобильді қосымшасында және flyarystan.com сайтында қолжетімді

Әуекомпания өз жолаушыларына демалыс күндерін алдын ала жоспарлауға кеңес береді, осылайша сіз 6 500 теңгеден басталатын арзан билеттерді сатып алуға үлгере аласыз. Айта кету керек, әуебилеттерін сатып алудың ең ыңғайлы және тиімді нұсқасы – жеке сату арналары – FlyArystan мобильді қосымшасы және flyarystan.com сайты. Жолаушы брондауды кез келген ыңғайлы уақытта өзіндік басқара алады, рейс туралы барлық хабарламаларды ала алады, сондай-ақ эксклюзивті науқандар мен ұсыныстарға қол жеткізе алады.