Тағы бір микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды

33
фото Ашық дереккөз

Қазақстанда  тағы  бір микроқаржы ұйымы лицензиясынан айырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Взаймы микроқаржы ұйымы» заң талаптарын және уәкілетті органның, Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерін жүйелі түрде бұзып келген. Ұлттық банк мәліметінше, биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша, «Взаймы» 229 микроқаржы ұйымы ішінде 13,7 млрд теңгемен 15-ші орында тұрған.