«Ұлттық қор балаларға»: Биыл 304 815 бала 18 жасқа толады

28
фото Ашық дереккөзден

Ұлттық қордың ақшасы балалардың жеке шотына түсе бастады. Биыл 18 жасқа толған 775 бала қордан ақшасын шығару үшін өтініш берген. Оның жартысынан көбіне қаражат түсті.

Яғни, 422 баланың әрқайсының шотына 100 доллардан аударылды. Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қаражаттарын білімге бағыттаған.

Биыл 304 мың 815 бала 18 жасқа толады. 18ге толғаннан кейін олардың барлығы қордағы ақшасын білімге және баспанаға жұмсай алады.