Жасанды интеллект арқылы болашақ мамандықты таңдауға болады

Жасанды интеллект оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі. Шымкенттік білім орталығы нейроқұрылғы арқылы балалардың қабілетін анықтап, бағдар береді. Жаңа технология арқылы бүінде шымкенттік 400-ден астам оқушы кеңес алып үлгерді. 

Шымкентте мектеп оқушыларына мамандық таңдауға жасанды интеллект көмектеседі! Нейроқұрылығының көмегімен балалар өздерінің қандай қабілеттерін дамытуға болатынын және қандай мамандыққа бейім екенін анықтай алады. Жаңа құрылғы оқушылардың оқу орнын аяқтағаннан соң, білікті маман әрі тұрақты жұмысы бар азамат болып қалыптасуына ықпал етеді дейді мамандар.

«Мидың 4 жағынан жалғадық. Енді 4 түрлі мағынасын көріп тұрмыз. Адам көзін жұму керек. Сол кезде экранға ойлардың толқыны шығады. Міне, сынақ нәтижесмен, баланың медиа, коммуникация, архитектура, программалау, математика, шет тілдеріне бейім екенін анықтадық. Яғни, баланың коммуникация жағынан skill мықты», – дейді мамандар.

Нейроқұрылғы адамның мамандыққа бейімділігін ғана емес, эмоцияларын да көрсетеді. Емтихан тапсырар алдында баланың психологиялық ахуалы да өте маңызды. Бұл мамандардың оқушыға қажетті көмек көрсетуіне де септігін тигізеді. Баланың эмоцианалды жағдайын анықтап, түрлі қайғылы оқиғаның алдын алуға, емтихандағы қобалжу, уайым кезінде өз-өзін қолға алуға үйретеді.

Жалпы білім беру орталығы кәсіби мамандықты таңдауға бағыт беретін 3 кезең бойынша жұмыс істейді. Ал нейроқұрылғы арқылы баланың бейімділігін анықтау алғашқы кезең. Мамандар құрал арқылы оқушының бойында бар қабілеттерді анықтап, соған сәйкес мамандық таңдауға көмектеседі. Бір қызығы, жаңа технологияны мамандық таңдаудан қателестім деп ойлайтын ересектер де сынап көруіне болады.

Зарина Қалиева, білім орталығы директорының орынбасары: «Нейроқұрылғыны біз Шымкент қаласының жасөспірімдеріне тегін өттік. Өйткені мұндай құрылғыны арнайы шетелден әкеліп отырған соң, қоғамға пайдамызды тигізу мақсатында балаларға өткізіп бердік. Мәселен, қазір 400-ден астам бала өтсе, біз оларға кеңес береміз. «Осындай қабілеттерңізді дамыту арқылы сіз мықты маман бола аласыз» дегендей. Өздерінің бойындағы қабілеттерін дамыту арқылы өзінің жақсы көретін мамандығын таңдай алады.Қазіргі таңда статистиканы қарайтын болсақ, дұрыс емес мамандық таңдап, 10 адамның алтауы жұмыссыз немесе өз мамандығынсыз жұмыс істеп жатады».

Білім орталығы жақын арада Түркістан облысына қарасты аудандарды аралауды жоспарлап отыр. Мақсат, мамандармен арнайы барып аймақтағы оқушыларды да нейроқұрылғымен таныстыру.