203 қызметкердің 24 млн. теңге жалақысын бермей келген

27
фото atr.kz

Шымкентте «Спорт ғимараттары дирекциясы» кәсіпорны 203 қызметкердің жалақысын төлемей келген. Жұмыскерлер 2024 жылы қаңтар және ақпан айларында еңбек ақысын алмаған. Қалалық прокуратураның талдауы барысында мекеменің еңбеккерлер алдында 24 млн теңге қарызы бар екені анықталды.

Жанерке Атықаева, Шымкент қаласы прокуратурасының ресми өкілі: «Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жұмыскерлер алдындағы жалақы толығымен өтелді, кәсіпорын басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды, оған 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері қала прокуратурасының тұрақты бақылауында»