60 жастағы Әлем және Азия чемпионы жас полицейлерге тәлімгерлік сабақ өтті

37

Құрметті азамат, ішкі істер саласының қылмысты іздестіру бөлімінде абыройлы қызмет етіп, бүгінде зейнетке шыққан ардагер Сапар Оразбекұлы Жетісай ауданының жас мамандарымен кездесті.

Кездесу барысында ардагер полицей қиындығы мол қызметтің қыр-сырын жас мамандарға түсіндіріп, көп жылдық тәжірибесімен бөлісті. Әрбір қызметкерден темірдей тәртіп пен кәсіби біліктілікті талап ететін бұл қызмет ең бірінші елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу бағытында жұмыс жасайтыны туралы айтты.
Сапар Оразбекұлы ардагер болса да, Қарағанды қаласында өткен «World Cup» яғни «Алтын батыр» кубогі бойынша Әлем чемпионатына, ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысып, жүлделі І-орынды, көптеген үлкен додаларда жеңіске жетіп келе жатқан ішкі істер органының ардагері.
Шара соңында жеке құрам қызметкерлері ардагер ағамызға арнайы Алғыс хат пен иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Ал жас сақшылар спорт саласының майталманымен әңгіме сұхбат құрып, жұмыс барысындағы тәжірибелермен бөлісіп, естелікке суретке түсті.