Скрининг — бұл белгілі бір жастағы немесе санаттағы сау адамдарды профилактикалық медициналық тексеруден өткізу, қауіпті факторлар мен ауруларды ерте сатысында анықтау. Скринингтер белгілі бір ауруларға және белгілі бір жас топтарына өткізіледі ⬇️
Скринингтен өту үшін мекен жай бойынша тіркелген емханаға хабарласу керек
Ол үшін әр емханада скринингтік бөлмелер бар
•жатыр мойны обыры бойынша: осы аурумен есепте тұрмайтын 30-70 жас аралығындағы әйелдер. Жиілігі: 4 жылда бір рет. Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн;
*сүт безі обыры бойынша: осы аурумен тіркелмеген 40-70 жастағы әйелдер. Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі: 60 күн;
• тоқ ішек және тік ішек ісігі бойынша: 50-70 жаста осы ауру бойынша есепте тұрмайтын ерлер мен әйелдер. Жиілігі: 2 жылда 1 рет Скрининг аяқтау мерзімі 60 күн.