Аурухана азық-түлікті қымбат бағаға сатып алған

29

Қызылорда облысының 3 аудандық ауруханасында ҚМА аумақтық басқармасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде өнімсіз азық-түлік жеткізу тізбегінен делдалдар алынып тасталды.

Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын әлеуметтік мекемелер жоғары бағамен сатып алып, бюджет қаражатын негізсіз жұмсаған.
Көтерме сатушылармен және өндірушілермен тікелей келісім-шарттар жасалғаннан кейін ӘМАТ тізбесінің 11 атауы бойынша бағаның төмендеуі қамтамасыз етілді.
Атап айтқанда, картоп, сәбіз, қырыққабат және қант арзандады.
Бюджеттен үнемдеу 6 млн теңгеден астамды құрайды.