Кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерді сату тәртібі түсіндірілді

70
фото Шымкент КП

 

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында сауда салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шымкент қаласының прокуратурасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, кәсіпкерлер қатысқан жиын алкогольді өнімдер сататын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына арналды.

Атап айтқанда, алкогольді өнімдерді сату тәртібін, заң талаптарын сақтау мәселелері пысықталды.

Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының прокуроры Алмас Алтаев түсіндірді.

«Алкоголь өнімдерін сату бойынша ҚР Заңнамасының талаптары бар. Мысалы, алкоголь өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатуға немесе түнгі сағат 23:00-ден кейін сатуға тыйым салынады. Оған қоса алкоголь өнімдерін сатушының арнайы лицензиясы болуы керек. Бүгінгі таңда Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сәйкес, қала аумағында алкоголь өнімдерін сақтау лиценциязы бар 1328 заңды тұлға тіркелген. Олардың арасында алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Статистика бойынша жыл басынан бері бір ғана Тұран аудандық полициция басқармасы тарапынан алкоголь өнімдерін сатушыларға қатысты 78 хаттама толтырылып, сотқа жіберіпді. 36 іс бойынша әкімшілік шара қолданылып, жалпы сомасы 3 млн 700 теңгеге айыппұл салынды», – деді прокурор Алмас Алтаев.

Жиында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды.

Сонымен қатар Қаратау аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері заңды тұлғалардың табыс туралы декларацияны тапсыруы туралы түсіндірді.