Көші-қон қызметін көрсететін ХҚКО сенбі күндері жұмыс істейді

фото ХҚО

Енді Шымкентте көші-қон қызметін көрсететін ХҚКО сенбі күндері жұмыс істейді. Сәйкесінше, орталықтың жұмыс кестесі өзгерді. Жұмыс күндері таңғы 9-дан кешкі 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күні 9:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Қаладағы қалған ХҚО жұмысы әдеттегі кесте бойынша жүреді.

Айта кетейік, көші-қон қызметін көрсететін орталықтардың мекен-жайы Әл-Фараби ауданындағы №2 бөлімде және Нұртас ш/а, Жасталап көшесі, 168/1 мекен-жайында орналасқан.

«27 сәуірден бастап қаламыздағы Көші-қон ХҚКО сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз істейді. Естеріңізге сала кетейік, қалалың қалған ХҚО-лары жұмысын әдеттегі кесте бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма) жұмыс істейді», – деп мәлімдеді Әл-Фараби аудандық ХҚКО реттеу залының басшысы Саян Төрегелдиев.