Оңтүстік өңірде ауылшаруашылық кластерін дамыту жұмыстары жалғасып келеді. Өңір басшылығының, «Даму» Қоры мен «Нұрбанк» Ақ-тың қолдауымен бизнес өкілдері елеулі жобаларды іске асыруда. Ол жобалардың біреуіне тоқталатын болсақ – Шымкент қаласында ас жұмыртқасын өндіруге бағытталған ірі құс фабрикасын іске қосылуы болып табылады. Кәсіпорын 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлік дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде құрылған. Жаңа кәсіпорынның жұмысымен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те танысып шықты.
«АйМар Құс» ЖШС мемлекет, екінші деңгейдегі банк пен бизнес арасындағы тиімді ынтымақтастықтың тамаша үлгісі болып табылады. «АйМар Құс» ЖШС құс фабрикасының жобалық қуаттылығы бірінші кезеңде жылына 72 миллион ас жұмыртқасын құрайды, келешекте жылына 220 миллион жұмыртқаға дейін ұлғайту жоспарлануда. «АйМар Құс» жақын арада өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жұмыс орындарын ашуға айтарлықтай үлес қосатын болады. Жобаның жалпы құны 4,8 млрд теңгені құрайды.
«Біздің құс фабрикамыздың басқа құс фабрикалармен салыстырғандағы ерекшелігіміз – бізде жұмыртқа өндіру технологиясының еуропалық стандарты толықтай қарастырылған. Біз құс фабрикасының жабдықтарын шығаратын әлемдік көшбасшыларының жабдықтарын пайдаландық және де құрылысты жүргізу барысында қалыңдығы 100 мл. құрайтын сэндвич-панель деп аталатын құрылыс материалын қолдандық, мұнда өрт қауіпсіздігі талаптары қатаң сақталған», — дейді «АйМар Құс» кәсіпорнының қаржы директоры Жандос Сәбиұлы.
Жоба мемлекеттің, өңір басшылығының, «Даму» Қоры мен «Нұрбанк» АҚ-тың белсенді қолдауының арқасында жүзеге асырылуда. Кәсіпорынға 3,5 млрд теңге көлемінде кредит желісін ашып, оның 3 млрд теңгесін құс фабрикасының құрылысын жүргізуін, жабдық сатып алуын және 500 млн теңгесін айналымдық қаражатты толықтыруды қаржыландырып, өз үлесін қосқан «Нұрбанк» АҚ-ты атап өткен орынды.
«Нұрбанк «Даму» қорымен ынтымақтастық аясында клиенттерге субсидияланған мөлшерлеме бойынша қаржыландыру алу мүмкіндігін ұсынып, бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына белсенді түрде қатысуда. Нұрбанк әрқашан кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді серіктестік орнатудың басым бағыты ретінде оңтүстік өңірді қарастырған. Шымкент қаласындағы филиал қаржыландырған шағын және орта бизнестің негізгі бағыттары: әлеуметтік қызмет көрсету, өнеркәсіп саласы, көлік және логистика, медицина саласы, сауда және, әрине, ауыл шаруашылығы. 2022-2023 жылдар аралығында «Нұрбанк» АҚ-ның Шымкент қ. филиалы бизнесті кредиттеуге 8,9 млрд теңгеден астам қаржы бөлгенін ерекше атап өткім келеді», — дейді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева.
Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа кәсіпорынның жұмысымен танысып шығып, мемлекет бүгінгі таңда агроөнеркәсіп кешенінің дамытуға үлкен мән бере отырып, барынша қолдау көрсетіп келеді деді. Басшылықтың жоспары бойынша «АйМар Құс» өнімдері Қазақстаннан басқа сыртқы нарыққа шығарылады – Өзбекстан мен Тәжікстанның нарықтарын игеру мүмкіндіктері пысықталуда. Сондай-ақ, «АйМар Құс» ЖШС құрама жем шығаратын зауыт пен енді ет өндіретін құс фабрикасын құруды жоспарлап отыр.
Заманауи құс фабрикасының құрылысы аясында тиісті инфрақұрылымдық жобалар да жүзеге асырылды, атап айтқанда Зертас ауылдық округінен өндіріс орнына дейінгі екі шақырымдық жол қалпына келтірілді. Ұзындығы екі шақырым болатын газ құбыры тартылды. Ұзындығы төрт шақырымға электр желісі тартылды. Осы жұмыстардың барлығын «АйМар Құс» ЖШС өз күшімен іске асырды.
«Нұрбанк» АҚ-ның ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы бар.