«Оңтүстікауызсу» ұжымы республикалық экологиялық акцияға атсалысты

38

Тазалық — өмір салтына айналғанда. Жоғарыда атап өткеніміздей еліміздің барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өткізілуде. Өңірдегі ең ауқымды сенбілікке «Оңтүстікауызсу» кәсіпорнының қызметкерлері де қатысты. 

Жасы 60-ты еңсерген Даниярбек Тазабеков таңертеңнен бері өз үйіндей болып кеткен кәсіпорында жүр. Ел ағасы көптен бері зейнеткерлік демалыста болғанымен қоғамдық шараларға, әсіресе осындай экоакцияларға белсенді түрде қатысады.

Данияр Тазабеков, Келес ауданының Құрметті азаматы: «Арнайы «Таза өлке» акциясына қатысуға келдім. Ұжымдастарымызбен бірге осы жұмыс орнымызды тазартып жатырмыз»

«Нұра топтық су құбыры» РМК Түркістан облыстық «Оңтүстікауызсу» филиалының әрбір қызметкері үшін тазалықты сақтау — ол өмірлік ұстаным болып табылады. Басқалай болуы мүмкін де емес. Себебі кәсіпорынның басты міндеті – Түркістан облысының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Мұнда тазалық өте жоғарғы деңгейде болуы керек. Сондықтан қызметкерлер жалпы республикалық «Таза Қазақстан» акциясына үгіттеусіз-ақ атсалысты.

«Жалпы, жыл бойы біз сенбіліктерді үнемі өткіземіз, тікелей, тораптар мен агрегаттарда да, кәсіпорынның іргелес аумағында да тазалықты қамтамасыз етеміз. Көктемде, тазалаудан басқа, біз жасыл кеңістіктерге күтім жасаймыз және ағаштар отырғызамыз», —  дейді ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Нұра топтық су құбыры» РМК Түркістан облыстық «Оңтүстікауызсу» филиалының басшысы Ерлан Есіркепов.

Айта кетейік, Түркістан облысындағы 7 ірі аудан тұрғындарының үйлеріне сапалы ауыз суды үздіксіз жеткізіп отыру үшін кәсіпорында тәулік бойы 47 сорғы станциясы жұмыс істейді. Және олардың әрқайсысында тазалық қатаң сақталады.