«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басқарма төрағасы ұсталды

37

Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды.

Күдіктіге 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Заңға сәйкес, қалған мәліметтер жария етілмейді.

Асқар Мұратұлы 2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың ақпанына дейін «ҚазАвтоЖол»-дың басқарма төрағасы қызметін атқарды.