Құрдасын аяусыз соққыға жыққан бала арнайы мектеп-интернатқа жіберіледі

49

Сарыағаш ауданында құрдасын аяусыз соққыға жыққан балаға қатысты шешім қабылданды.

Күдікті 1 жасөспірім Абай облысында орналасқан ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына жіберілмек. Бұл туралы аудандық кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында талқыланды. Ал екінші баланың ата-анасына шара көріліп, іс сотқа жіберілген.

«Естеріңізге сала кетейік, полиция Сарыағаш ауданындағы құрдастары тарапынан кәмелетке толмағанға қатысты бұзақылық әрекеттер фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Сонымен қатар бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылып, материалдар сотқа жіберілді. Сондай-ақ Түркістан облысының білім басқармасына сол бала оқыған мектепті кешенді тексеру жүргізу үшін ұсыныс хат жолданды», — дейді ТО ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.